"Мән іздейтін жерде қыршыннан қиылды". Алматы тауларынан екі жігіттің мәйіті табылды

108
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dUFgvYp5A21b7U0UWO19K1adL8qbjUVjvhdUh6pi.webp

Алматы тауларында жоғалып кеткен екі жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы кәсіби альпинист Ершат Аязбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Ол тауда болған оқиғаға қатысты өкінішін білдіріп, марқұмдардың жақындарына көңіл айтты.

«Таудан жағымсыз хабар келді. Жас өмір күш-қуат пен мән іздейтін жерде қыршыннан қиылды. Жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Мұндай қайғыны еңсеруге күш-қуат берсін. Таулар әдемі, бірақ олар қателікті кешірмейді», – деп жазды ол.

Екі мәйіт Локомотив шыңынан табылды. 

Айта кетейік, Локомотив - Кіші Алматы сілемінің солтүстік-батыс тармағындағы (Іле Алатауы, Солтүстік Тянь-Шань) биіктігі 4182 м тау шыңы.

Пікірлер