Фото: dhs.gov
АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі «ең қауіпті қылмыскерлер» деп сипатталған шетел азаматтарының тізімін жариялады. Бұл тізімде Қазақстаннан шыққан үш адам бар, деп хабарлайды "Адырна".
Министрліктің ресми сайтында АҚШ-тың иммиграциялық және кедендік полициясы (ICE) тарапынан ұсталған ең қауіпті шетелдік қылмыскерлер бөлек көрсетілген.
«Министрдің орынбасары Ноэмнің басшылығымен DHS пен ICE қызметкерлері президент Дональд Трамп берген уәделерді орындап, ең алдымен аса қауіпті қылмыскерлерден, соның ішінде заңсыз иммигранттардан бастап жаппай депортация жүргізіп жатыр», - делінген ведомство мәлімдемесінде.
Тізімге енген Қазақстан азаматтарының біреуі Алабама штатындағы Бруквуд қаласында ұсталып, шабуыл жасау және ұрланған мүлікті иелену қылмыстары үшін сотталған. Екіншісі Флорида штатында ұрлық жасағаны үшін ұсталған. Үшінші азамат Орегон штатында қару қолданылған шабуыл дерегі бойынша қамауға алынған.
Ресейден қару-жарақ сатып алғаны үшін АҚШ-тың санкциясына іліккен Ли Шанфу Қытай Қорғаныс министрі болды