Енді қорқатын не қалды — бәрі белгілі болды

245
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gAt0BkSqtp71QwLwTm6N0RyyqY96y3rOlLtcB1w2.webp

Бүгін Әзірбайжан ұшағының Ақтауда апатқа ұшыраған күні екен, фб еске салып жатыр. Бір жыл толыпты. 38 адам өлген, жандары жәннатта болсын! Осыған байланысты: біздің үкімет осы жылдың аяғына дейін сол апатты тексерген комиссия қорытындысын жариялаймыз деп еді, сол не болды екен? 

Ау-у-у Бозымбаев? Күтіп отырмыз ғой? Енді қорқатын не қалды — бәрі белгілі болды, Путин мойындады, кешірім сұрады, тіпті компенсация төлейтін болды ғой. Ең болмағанда соны жариялауға болмай ма? Айтқандай, Санкт-Петербургте өткен ТМД жиынына Әлиев бармай қалыпты. Қолым тимей жатыр депті. Ал біздікі Токиодан ауылға соқпай бірден сонда кетіпті деп оқыдым бір жерден. 

Әлиевтің бармаған себебі де белгілі екен - РФ компенсация төлемек түгілі, әлі күнге шейін апатқа себепші болғандарды жазаламапты, тіпті тексеруді бастамапты да! Президент соған өкпелі көрінеді, сондықтан бармаған. Оны Әзірбайжанның бір баспасөзі жазыпты дейді, рас болса.

Қуаныш Еділхантегі

 

 

 

 

 

Пікірлер