Оңтүстік Кореяның алғашқы коммерциялық зымыраны апатқа ұшырады (ВИДЕО)

182
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/GjqJASTa9X5JROn6n6GUsEocNwg3wBKu8d9qLeAw.jpg

Оңтүстік Кореяның алғашқы коммерциялық орбиталық Hanbit-Nano зымыраны Бразилиядағы Алкантара ғарыш айлағынан ұшырылғаннан кейін апатқа ұшырады. Innospace компаниясы ұшудың тоқтатылғанын растады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Yonhap-қа сілтеме жасап.

Зымыран 22 желтоқсанда күні ұшырылған. Алайда ол ұшырылғаннан кейін шамамен 30 секунд өткен соң апатқа ұшыраған. Зымыранның қауіпсіз жер үсті аймағына құлағаны атап өтілді. Қаза тапқандар немесе зақым келген нысандар туралы ақпарат жоқ.

YouTube-та тікелей эфирде көрсетілген ұшыру сәтінде зымыран ұшырылғаннан кейін бірден жалын байқалған, содан кейін трансляция тоқтатылған.

Yonhap мәліметінше, бұған дейін зымыранның ұшырылуы үш рет кейінге шегерілген. Сәтті ұшырылған жағдайда Innospace компаниясы спутникті орбитаға шығарған алғашқы жекеменшік оңтүстіккореялық компания болар еді.

Айта кетейік, Hanbit-Nano зымыранының бортында бес спутник болған, мақсатты орбита 300 шақырым биіктікте орналасқан.

Пікірлер