Батыс Қазақстан облысында боран кезінде жоғалған 3 адамдың денесі табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды, деп хабарлайды "Адырна".
Ақпаратқа сәйкес, бүгін Жәнібек ауданына қарасты Күйгенкөл ауылдық округіндегі Жасқайрат ауылы маңынан 57 жастағы ер адамның денесі табылған.
Сондай-ақ Бөкейорда ауданында 25 жастағы ер адам суықтан көз жұмғаны белгілі болды. Ал Қазталов ауданында 35 жастағы ер адам қайтыс болған.
Ақжайық ауданында 54 жастағы ер адам тірі табылды. Ер адамның қолы мен аяғы тоңған. Ол Орал қаласына жеткізілді.
Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстан ҚХР-мен ынтымақтастықты кеңейтуде. Бейжіңде бірқатар стратегиялық меморандумға қол қойылды
БҚО-да апатты жоюға арналған құрал-жабдықтарды сатып алуға 960 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді
