Таеквондодан әлем чемпионатында Қазақстан үздік үштікке енді

626
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6xU3DNw3uPWsOnAFcGdRSjXT8DoPaVVLw4HVW2jB.jpg

Фото: olympic.kz

Таеквондодан (WT) 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Әлем чемпионаты өз мәресіне жетіп, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте әлемнің үздік үштігі қатарынан көрінді, деп хабарлайды "Адырна". 

Найробиде (Кения) өткен байрақты бәсекеде ұлттық команда екі алтын және бір қола медаль жеңіп алып, Түркия мен Ираннан кейінгі үшінші орынға табан тіреді.

Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлденіБейбарыс Қаблан салды. Ол жаһандық додада қарсыластарын сенімді түрде ұтып, әлем чемпионы атанды.

Одан кейін отандасымыз, 87 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Батырхан Төлеуғали да чемпиондық атақты жеңіп алды. Оның шешуші жекпе-жекте көрсеткен шеберлігі Қазақстан құрамасының нәтижесін еселей түсті.

Сонымен бірге Тамерлан Тілеулес таеквондодан Әлем чемпионатында қола медаль иеленіп, ел намысын абыроймен қорғады.

Осылайша, Қазақстан U-21 таеквондо құрамасы Кениядағы дүбірлі додада жоғары нәтижеге қол жеткізіп, әлемдік деңгейде өз мүмкіндігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Пікірлер