Израиль парламенті кнессетте АҚШ президенті Дональд Трамп сөз сөйлеп тұрғанда 2 депутат өзі талабын білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Media.az-ға сілтеп.
БАҚ-та тараған ақпаратқа сәйкес, депутат Айман Одех пен Офер Кассиф Трамптың сөзін бөліп, «геноцид» деген жазуы бар плакат көтерген. Осыдан кейін олар залдан шығарылды. Олардың әрекеті "арандату" аталды.
Айман Одех – палестиналық-израильдік тектен шыққан депутат, ал Офер Кассиф – Израиль коммунистік партиясы «Хадаштың» өкілі және өз фракциясындағы жалғыз еврей.
Оқиға кезінде залда отырған күзет қызметкерлері тәртіп бұзушыларды бірден сыртқа шығарып, отырыс жалғасты.
Ұқсас жаңалықтар
1947 жылы БҰҰ резолюция қабылдайды. Келіспеген арабтар қолына қару алады. Содан бері бұл соғыс тоқтаған жоқ.
