Qazaq Air әуе компаниясының бортсерігі Сағи Тоқтамов рейстердің бірінде анасын туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Құрметті жолаушылар, жолға сәл кешіккеніміз үшін кешірім өтінемін. Осы мүмкіндікті пайдаланып, сіздердің рұқсаттарыңызбен анашымның туған күнімен құттықтағым келеді. Анашым, әкетай екеуіңізге бақыт тілеймін», – деді ол.
Жолаушылар қол шапалақтап, бортсерікке құрмет көрсетті. Кейіннен құттықтау сәті әлеуметтік желілерде тарап, көпшіліктің талқысына түсті.
«Ардақ Назаровтан қалсын ба?», «Бұл тренд болып кеткен бе?», «Керемет!» деп жазды желі қолданушылары.
Ұқсас жаңалықтар
Біраз танысыма ҰҚК суретін жолдап, "Мейрамыңмен!" деп жазып жібергем ғой. Пәшти жартысынан "Рахмет! Ешкім білмей-ақ қойсыншы" деген жауап келіп тұр.