Францияда 10 қыркүйекте ел тарихындағы ең ірі әлеуметтік толқулардың бірі өтуде, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ел аумағында «Бәрін бөгейміз» атты қозғалыстың бастамасымен наразылық акциясы өтіп жатыр. Қозғалыс премьер-министр Франсуа Байру ұсынған қатаң үнемдеу жоспарына қарсы ұйымдастырылуда.
Жоспарға сәйкес, мемлекеттік бюджет 44 миллиард еуроға қысқартылып, екі ұлттық мереке жойылады, зейнетақылар тоқтатылып, денсаулық сақтау саласындағы шығындар 5 миллиард еуроға азайтылады.
Ішкі істер министрі Брюно Ретайоның мәліметінше, тәртіпті сақтау үшін 80 мың полиция қызметкері жұмылдырылмақ. Министр бейбіт шерулерде зорлық-зомбылыққа жол берілмейтінін ескерткен еді.
Акциялар Париж, Нант, Тулуза, Бордо, Ренн және басқа да ірі қалаларда өтеді. Парижде негізгі жиын Республика алаңында басталып жатыр
Ресейден алғашқы ұшақ келіп қонды. "Шақырылмаған қонақтарды" Тибилиси тұрғындары шерулете қарсы алды