Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Әли Әлиев қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы ол 8 қыркүйекке қараған түні Бельгиядан 6:0 есебімен ойсырай жеңілгеннен кейінгі матчтан соң өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Әлиевтің мәлімдемесінің үзіндісін қазақстандық спорт журналисі Иван Резванцев Telegram-арнасында жариялады.
«Жауапкершілікті өз мойныма аламын. Отставкаға өтініш жазамын», – деп жауап берді Әлиев жағдайға қатысты сұраққа.
Әли Әлиев 2025 жылдың қаңтарынан бастап Станислав Черчесовтың орнына келген еді.
Ұқсас жаңалықтар
Солтүстік Ирландияны жеңу деген Ресейдегі Тыва, Бурятия секілді автономиялық республикасын жеңгенмен бірдей.
