Алматыда бір топ жігіттер араларындағы біреуін тірідей көміп, әлеуметтік желіде тікелей эфирге шыққан, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Аталған бейнежазбадағы жігіттердің әрекеті қазақстандықтардың ашуын тудырды. Көпшілік бұның алдын алып, өзгелер қайталамас үшін жаза қолдану керек екенін жазуда.
Жағдайға қатысты Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.
Департамент бұл факті бойынша тексеру жүргізіліп, ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатынын мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар
30 жылда былыққа батқандай бата бермей, елге кішкене болса да өзгеріс алып келу мақсатым - Дәулет Мұқаев
