Түркиядағы «Аққұю» атом электр станциясының құрылыс алаңында жұмысшылар ереуілге шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбалар мен түрлі дереккөздер хабарлайды.
Бейнежазбаларда жұмысшылардың жалақының кешіктірілуіне байланысты наразылық білдіріп жатқаны көрсетілген. Құрылысшылар жиналып, басшылықтан еңбекақыларын уақытылы төлеуді талап еткен.
Сондай-ақ кадрлардан құқық қорғау органдары өкілдерінің наразылық білдірушілерді таратуға әрекет етіп жатқаны байқалады. Жергілікті БАҚ мәліметінше, ереуіл станция құрылысына әсер етуі мүмкін.
Айта кетейік, «Аққұю» — Түркияда салынып жатқан алғашқы атом электр станциясы.
Бұл жоба Ресей мемлекеттік «Росатом» корпорациясының қатысуымен жүзеге асырылып жатыр. Станцияның құрылысы Түркия үшін стратегиялық маңызы бар жоба ретінде қарастырылады.
Қазіргі уақытта жағдайға қатысты ресми түсініктеме берілмеген.