20 шілде күні Индонезиядағы Сулавеси аралы маңында жолаушылар паромында өрт шықты, жеп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Associated Press-тің мәліметәнше өрттен қашқан жолаушылардың кейбірі тіпті тура суға секіріп кеткен.
KM Barcelona 5 паромы Талауд аралдық ауданынан шығып, Индонезиядағы Манадо портына бет алған. Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, өрт шыққан кезде кемеде 200-ден астам жолаушы болған.
Оқиға салдарынан кемінде бес адам қаза тапты, олардың арасында жүкті әйел де бар. Сонымен қатар, 280-нен астам адам эвакуацияланған
Құтқару жұмыстарына әскери-теңіз күштерінің үш кемесі мен жергілікті балықшылар жұмылдырылған. Олар жолаушыларды көрші аралдарға жеткізген.
Өрттің нақты себебі әзірге белгісіз.
Ұқсас жаңалықтар
Жанқиярлықпен күресіп жүрген өрт сөндірушілердің жалақысы неше? Оларды тексеруге барған Мәжіліс депутаттарының жалақысы неше?
