Қазақстан мен Қырғызстан шекарасына жақын маңда жер сілкінісі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісін 16 шілдеде Астана уақытымен 06:27-де “ННЦСНИ” ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі тіркеген.
Жерасты дүмпуінің ошағы Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан 379 шақырым оңтүстік-батыс бағытта орналасқан.
Алайда, Қазақстан аумағында бұл дүмпулер сезілмегені атап өтілді.
Қырғызстан ұлттық ғылым академиясының сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 4,1 баллды құраған.
Ұқсас жаңалықтар
Күйеуі мұрны мен құлағын кесіп алған. Қырғызстанда Әсел Ногойбаеваны қолдау мақсатында флешмоб басталды
