Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсухті Наадам мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды “Адырна”.
Мемлекет басшысы мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптейтін тарихы терең бұл мейрамда Моңғолия халқының береке-бірлігі арта беруіне тілектестік білдірді.
Сондай-ақ достас екі ел арасында қалыптасқан өзара құрмет пен стратегиялық серіктестік ортақ игілік үшін одан әрі беки түсетініне кәміл сенетінін жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Халық жазушысы Мұхтар Шаханов қазақстандықтарды келе жатқан 15 қазан – Қазақ тілі күнімен құттықтады
