Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары Тегеранда Иранның бұрынғы президенті Махмуд Ахмадинежад қастандық нәтижесінде қаза тапқаны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ақпаратта саясаткердің көшеде болған атыс кезінде көз жұмғаны айтылған.
Алайда Oxu.аz басылымының жазуынша, ресми дереккөздер мен халықаралық БАҚ бұл хабарды жоққа шығарған.
Портал мәліметінше, шын мәнінде Иранның ядролық бағдарламасында маңызды рөл атқарған Ферейдун Аббаси қаза тапқан.
Сарапшылар мұндай жаңалықтарды психологиялық және ақпараттық соғыстың бір бөлігі деп бағалап отыр.
Ұқсас жаңалықтар
"Архив құжаттары туралы" Қағидаға "1922-1945 жж. аралығындағы аудиовизуалды құжаттарды жоюға рұхсат етіледі" деген бап енгізілген. Миыма сыймай отыр.