Украина президенті Зеленский елдің шығысындағы жағдай "өте қиын" екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол кейінгі бейнеүндеуінде айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Зеленский сенбі күні бейнеүндеу жасап, келесі аптада Украина қару-жарақ алу туралы "жақсы жаңалықтар" күтетінін айтты.
"Жағдай өте қиын. Әсіресе, Донбасс пен Харьков аймағында Ресей әскері өзі үшін қандай да бір нәтиже көріп қалғысы келеді", - деді Зеленский.Сонымен қатар, ол 2014 жылдан бастап Ресей басып алған барлық жерді, соның ішінде Қырымды да күшпен қайтаруға болатынына сенбейтінін мәлімдеді.
"Біз бүкіл аумақты әскери жолмен қайтара аламыз дегенге сенбеймін. Біз осы жолмен жүруді ұйғарсақ, онда мыңдаған адамнан айырыламыз", - деді ол.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Өздерін мұсылман санайтын Қазақстан мүфтияты әлі күнге дейін Ресей агрессиясын мансұқтайтын бірде-бір үндеу немесе мақала жарияламады.
"Архив құжаттары туралы" Қағидаға "1922-1945 жж. аралығындағы аудиовизуалды құжаттарды жоюға рұхсат етіледі" деген бап енгізілген. Миыма сыймай отыр.