14 мамыр күні сағат 12:25 шамасында «Subaru» көлігінің жүргізушісі Масанчи көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жібек жолы көшесінің қиылысында жаяу жүргіншілер өткелінде 2010 жылы туған қызды қағып кетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Оқушы қыз дене жарақатымен Алматы қаласының №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді. Бұл фактіні Алмалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тексеріп жатыр», – деді Алматы қалалық полиция департаменті тергеу бөлімінің бастығы Олжас Шәріпов.
”Адырна” ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Соңғы 10 жылда қала өте жылдам әрі ретсіз өсті. Алматының аумағы екі еседен астам кеңейді. Бірақ инфрақұрылымның дамуы әр жерде әртүрлі болып отыр.
