“Бүркіт” аталып кеткен әнші Айбек Жансейіт ән айтып жатқанда, қасына келіп билеген балаларға уыстап ақша таратты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Әніне билеген балалардың бейнесін әншінің өзі Instagram-дағы парақшасына жүктеді. Әнші Бүркіт жары Айшамен бірге мерекеге арналған "Наурыз-думан" атты концертте "Тау-тау сезім" атты әнді орындаған. Сол кезде жұлдызды жұппен бірге билеуге 4-5 бала жүгіріп шығады.
Шоу-бизнестегі ең бай әнші Бүркіт билеп жүрген балалардың көңілін қимай қалтасынан әмиянын алып шығып, ақша тарата бастайды.
”Адырна” ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Екібастұздағы оқиғаға қатысты кінәлілер жылуы жоқ түрмеде жазасын өтейді деп сенемін - Димаш Құдайберген
