Мұрат Бектанов Қорғаныс министрі болып тағайындалды

4236
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/08/bal_0695-1200.jpg
Қазақстан қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қарулы Күштері бас штабының бастығы Мұрат Бектанов Қазақстанның Қорғаныс министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. «Бектанов Мұрат Кәрібайұлы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалсын», - делінген Ақорда жариялаған Жарлықта. Бектанов Мұрат Кәрібайұлы 1965 жылы 18 қыркүйекте Солтүстік қазақстан облысы Соколовка ауылында дүниеге келген. Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы – Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. 1988 жылы Киевтік жоғары қарулы қолбасшылық училищесін тәмәмдады. 1989-1997 жылдары мотоатқыштар взводының командирі, десанттық-шабуылдау взводының командирі, десанттық-шабуылдау батальоны барлауының бастығы, Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесі взводының, курсанттар ротасының командирі болған. 1997-1998 жылдары штаб бастығы - РҚҚ командирі орынбасары, кейін Қорғаныс министрлігінің жауынгерлік даярлық департаментінің офицері ретінде қызмет етті. 1998 жылдан 2000 жылға дейін - академия тыңдаушысы болды. 2000 жылы Қарулы Күштердің бас штабына Жедел жоспарлау департаментінің аға офицері ретінде кірді, 2005 жылы бас штабтың Әскери академиясының тыңдаушысы болып тағайындалды. 2007-2013 жылдары Қорғаныс министрлігі штаб бастықтары комитетінің жедел жоспарлау департаменті бастығының орынбасары, кейін департамент бастығы болып жұмыс істеген. 2013-2016 жылдары Қазақстан Республикасы "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметін атқарды, 2016 жылы Қарулы Күштер Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды. 2019 жылдың сәуірінен бастап ҚР қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қарулы Күштері бас штабының бастығы болды. 2020 жылы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен оған генерал-лейтенант әскери атағы берілді.

"Адырна" ұлттық порталы

Comments