Белгілі театр актері - Сахан Әкелеев қайтыс болды

5177
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/izobrazhenie_2021-06-12_133959.png
Сахна саңлағы Сахан Долдыұлы Әкелеев 63 жасында дүниеден озды. Ол 1958 жылы 15 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Шілікті ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Әкелеев Долды Бөленбайұлы (1907-1971). Анасы - Әкелеева Әдембай Әбдірахманқызы (1918-1990). Алматы мемлекеттік көркем театр институтын (1984) драма және кино актері мамандығы бойынша; Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (1991) концерттік- опералық әнші, дәріскер мамандығы бойынша бітірген. 14-тен астам музыкалық шығарманың әуені мен сөзінің авторы, оның ішінде: «Казақстаным», «Жастықдәурен», «Мөлдір сезім», «Жасұлан», «Ұлыма», «Алтын ұя мектебім». Еңбек жолы: 1986 жылдан - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының қазақ тілі оқытушысы. 1988 жылдан - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының қосалқы құрамының әртісі; 1993 жылдан - ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық ән және би ансамблінің көркем жетекшісі, бас хормейстері; 2005 жылдан - Ж. Шанин атындағы Қазақ музыкалық-драма театрының вокал дәріскері. 2006 жылдан - Қазақ спорт және туризм академиясының музыкалық жетекшісі; 2008 жылдан - Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы жеке ән орындау кафедрасының аға оқытушысы; 2009 жылдан - Алматы қаласындағы «Шығыс Жұлдыздары» байқауының ұйымдастырушысы; 2010 жылдан бері - Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының директоры. Қазақстан Театр қайраткерлері одағының мүшесі болды. Марапаттары: Ауғанстан Ардагерлері одағының «Батыр Шапағаты» медалімен (2010), ҚР Қорғаныс министрлігінің (1997-2000), ҚР Білім және ғылым министрлігінің (2010) грамоталарымен марапатталған. Әскери атағы - запастағы майор. Сахан Долдыұлы - дінге берік, діндар кісі болған. Туыстары мен жақындарына "Адырна" ұлттық порталы ұжымы қайғырып, көңіл айтады. Ер есімі - ел есінде!
Comments