Биыл көгілдір отынмен қамту көрсеткіші 93 пайызға жетеді

3312
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/05/53581d0d-9cda-4651-94e2-d23aff481885.jpeg
Шымкентте биылғы жылы 8 тұрғын алабына газ құбырын тарту жұмыстары басталып, 5-нің құрылысы аяқталады. Осының есебінен 11 мыңға жуық тұрғын газбен қамтылып, көрсеткіш 93 пайызға жетеді. Биылғы жылы Алтынтөбе, Бадам 195, Достық, Асар-2 және Азат тұрғын алабтарының құрылысы аяқталады. Бүгінде Алтынтөбеде газ құбырын тарту жұмыстары 90 пайызға орындалса, Асар-2 шағын ауданында жұмыстың 40 пайызы аяқталып отыр. Жалпы қаладағы 81 елді мекеннің 40-ы табиғи газбен қамтылса, 33-і жартылай, ал қалған 8 елді мекен тұрғындарының көгілдір отынға қолы жетпей отыр. Қала тұрғындарын табиғи газбен қамту мақсатында 2021 - 2025 жылдарға арналлған даму жоспарына сәйкес, елді мекендердің ішкі жүйелер құрылысын жүргізу жоспарлануда. 2023 жылы қалада газбен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді. Сонымен қатар, қалада №3 автоматты газ-реттегіш станциясының және 58 шақырымды құрайтын газ құбырының құрылысы салынуда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments
Other materials