Шымкентте 90 жастағы қария Ковидке қарсы вакцина салдырды

3598
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/05/d4b0919f-c6cc-4c1c-bada-bbabea26dc79.jpeg
Шымкент қаласының 90 жастағы тұрғыны Қуаныш Әбдірахманов өз еркімен жергілікті тіркелген емханасына келіп, ковидке қарсы вакцина салдырды. Бір ғасырға жуық өмір сүрген қария – Шымкент қаласының құрметті азаматы. Әлемдегі жағдайдан күнделікті хабардар болып отырған қарт кісі вакцина қабылдауды жөн көрген. Екпеден алдын қарияны дәрігерлер тексеруден өткізген. Қарсы көрсетілімдер болмағандықтан, «Спутник-V» вакцинасының І-компонентін салып берді. – Ойлана келе өз еркіммен вакцина вакцина салдыруға шешім қабылдадым. Біз вирусты осылай жеңеміз. Көпшілікке вакцинадан қорқудың қажеті жоқ екенін айтқым келеді, – дейді қария. Айта кетейік, Қуаныш Әбдірахмановтың отбасы мүшелерінің барлығы ковидке қарсы екпе алған. 23-сәуір күні екпенің бірінші компонентін салдырған қария арада 21 күннен кейін вакцинаның екінші компонентін қабылдауы қажет.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments
Other materials