"Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң жобасы үлкен қоғамдық резонанс тудырды, өйткені ол Қазақстан жерінде ежелден келе жатқан отбасылық байланыстардың қасиеттілігі, үлкендерге құрмет, балаларға деген сүйіспеншілік пен қастерлі қарым-қатынас сияқты құндылықтарды қауіпке төндірді деп жазады «Адырна» ұлттық порталы Citizengo.org сайтының ақпаратына сілтеме жасап. Сонымен қатар төмендегі сілтеме арқылы өтіп, қарсы екеніңізді білдіріп, қол қоюыңызға болатынын да ескертеміз.
Біздің ойымызша, бұл заң жобасының қауіптілігі келесідей тармақтардан көрінеді:
1) Оны іске асыру заңмен тыйым салынбаған әрекеттерді зорлық-зомбылыққа жатқызу арқылы құқықтың қатарлас репрессиялық жүйесін құруды көздейді.
Ата-аналардың балаларды өз сенімдеріне сәйкес тәрбиелеуге құқығы бар. Егер ата-ана заңды бұзса, онда оның әрекеттері әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық ретінде қарастырылуы керек. Осы заң жобасында "зорлық-зомбылық" ұғымы әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық құрамына кірмейтін іс-әрекеттер ретінде енгізіледі. Мысалы,
- психологиялық зорлық-зомбылық - қасақана психикалық азаптау, қорлау, бопсалау, ерік білдіруді шектеужәне адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын өзге де әрекеттер және (немесе) оларды қолдану қатері.
- экономикалық зорлық-зомбылық– тамақтанумен, тұрғын үймен немесе адамның дамуы үшін басқа да қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету құқығын шектеуге, меншікке, еңбекке, білім алуға... және /немесе өзге де мүліктік игіліктер мен құқықтарға қол жеткізуге шектеу қоюға әкеп соққан қасақана іс-әрекет.
Related news