Шымкент: №105 мектеп ауласы көгалдандырылады

2840
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/11/f231fe03-66dd-431c-9888-e1afbf43041e.jpeg
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мыңға жуық отбасы қоныстанған Бадам-1 тұрғын алабына барды. Бүгінгі таңда аталған тұрғын алаптың басты мәселесі - №105 жалпы орта мектебінің ескі ғимараты болып тұр. Ата-аналардың алаңдаушылығын назарға алған қала әкімі апатты ғимараттың жағдайымен танысып қайтты. 2015 жылы №105 орта мектептің жанынан 300 орындық жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілген. Онда қазір 900-дей оқушы білім алады. Мектеп қазақ-өзбек тілдерінде жүргізіледі. Білім ордасында 90-ға жуық мұғалім дәріс береді. Ал мектептің ескі нысаны жарамсыз күйде тұр. Балалардың қауіпсіздігін сақтау үшін Мұрат Әйтенов апатты ғимаратты тез арада сүру туралы тапсырма берді. - Мектеп - балалардың қауіпсіз білім мен тәрбиені қатар алатын негізгі мекені. Сондықтан ескі ғимаратты бұзып, орнын көгалдандыру қажет. Мектеп ауласында балалар емін-еркін жүре алуы қажет, - деді. Алдағы уақытта көгалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін аудан әкіміне бюджетке өтінім беру жөнінде тапсырма жүктеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Comments