Қазақ құқығы ұлттық кеңістікте дәстүрлі құқықтық жүйенің негізін қаласа, мәдени-шаруашылық кеңістікте әр түрлі діни-этникалық топтар менбip мемлекет аясына сыймайтын күрделі әлеуметтік-саяси құрылымдарды (ұлыстар, ipi рулар, тайпалық бірлестіктер және т.б.) қамтитын қазақтың далалық құқықтық жүйесін қалыптастырды және түркі тектес көшпелі жартылай көшпелі халықтардың құқықтық отбасын байыта түсті әрі оның шырқай дамыған ерекше классикалық формасы - «әділ соттың Алтын ғасыры» деген бағамен әлемдік өркениетте қомақты тарихи iз қалдырды.
Қазақ құқығы XVIғғ. бастап - Шығыс Дешті-Қыпшақ аталатын мәдени-саяси кеңістікте түріктік құқықтық отбасының көш бастаушысы болды әрі құқықтық эпицентріне айналды. Қазақ Ордасының құрамында болып, қатар қоныстанған қырғыз, қарақалпақ, ноғай және т.б. түркі тілдес елдердерден көшпелі тайпалардың құқықтықөмipi тікелей «Жол», «Жарғы» аталатын қазақтардың құқықтық жинақтарымен реттеліп отырды,әcipece сот билігін жүзеге асырушы билер қызметі мен олардың қоғам алдындағы бедел-абыройы Қазақ (еркіндік) құқығының кең рецепциялануына жол ашты.
Әлемнің құқықтық картасында құкықтық жүйелердің шығу тегін топтастыратын ipi құқықтық отбасылар бар. Олардың жалпыға бірдей танылтандары, сондай-ак әлі таныла қоймағандары келесілер:
- «Жалпы құқық» (англо-саксондық) құқықтық отбасы,
- Европалық-континенталдық (романо-германдық) құқықтық отбасы,
- Социалистікқұқықтық отбасы;
- Славяндыққұқықтық отбасы;
- Түркілік құқықтық отбасы;
- Мұсылмандық құқықтық отбасы.
Қазыбек ДАУТАЛИЕВ
заң ғылымдарының кандидаты,
«Интеллектуал-Парасат» заң компаниясының
директор орынбасары, аға ғылыми қызметкер