5 мамыр күні Украина президенті Владимир Зеленский Чехияға ресми сапармен барды. Жоспарланған іс-шаралар барысында ол украиналық еден жуушы әйелдермен бірге суретке түсті. Бұл туралы 24 Канал Чехия Парламенті Мәжілісінің медиа кеңесшісі Даниэл Моравецке сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Аталған әйелдер чех парламентінде еден жуушы болып жұмыс істейді, ал сол күні Зеленский депутаттармен кездесті.
Кездесулердің бірінің үзілісі кезінде Зеленский көрші бөлмеде тұрған әйелдердің әйнек арқылы бақылап тұрғанын байқап, оларды бірге суретке түсуге шақырды.
Суреттерді Даниэл Моравец пен вице-спикер Катарина Ришава түсірген.
Палата кеңесшісі айтқандай, бұл жайт әйелдерді қатты толқытқандықтан, олар көз жасына ерік берген.
Еске сала кетейік, Зеленскийдің Прагаға сапары аясында Украина мен Чехия украин ұшқыштарын Чехиядағы базаларда оқыту үшін арнайы мектеп ашуға келіскен. Бұл мектепте оларды F-16 және L-39 ұшақтарын басқаруға үйрететін болады. Сонымен қатар бейбітшілік орнатуға қатысты дипломатиялық қадамдар мен Ресейге қысым көрсету тәсілдері талқыланған.
Do not go to Israel and Lebanon - the Ministry of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan made an appeal
The high-altitude sports complex "Medeu" will be modernized: Ermek Marzhikpaev held a report meeting in the region
