Шымкент қаласындағы “Білім-инновация” қыз балаларға арналған №2 лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Дайана Тулкунова халықаралық білім кеңістігінде зор жетістікке жетіп, әлемдік деңгейдегі 8 беделді университет пен мектептен ресми шақырту алды.
Атап айтқанда, Chinese University of Hong Kong (QS World #36), Германиядағы толық грант ұсынған Constructor University, SP Jain School of Global Management, Guangdong Medical University, Guangxi University of Electronic Technology (GUET), North China University of Science and Technology, Shandong University of Technology және Италиядағы толық грантпен шақырған H-Farm International School сынды оқу орындары Дайанаға есігін ашты.
Сонымен қатар ол LaunchX және Lumiere Academy секілді беделді зерттеу бағдарламаларынан грант иеленіп, ғылыми жобалармен айналысуға
“Осы жылдың басында шетелге оқуға түсу туралы шешімді кеш қабылдадым, бірақ ешқашан кеш емес екеніне көзім жетті. Қазір медицина жолын таңдадым. Арманым — елімнің игілігіне қызмет ететін білікті хирург болу. Ең бастысы — сенім мен тынымсыз еңбек бәрін жеңеді”, — дейді Дайана Тулкунова.