“Соғыс тарихын баяндайды”. Халықаралық фото байқауы мәресіне жетті

1478
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/photo-output-25-960x500.jpeg?token=2a9ffb8bc9abe833dc4ea04afa5378a1
2024 жылғы World Press Photo халықаралық байқауында жылдың үздік фотосы ретінде палестиналық 9 жасар Махмуд Аджжурдың суреті таңдалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ВВС-ге сілтеп. Ол 2024 жылдың наурыз айында Израильдің әуе шабуылы салдарынан екі қолынан айырылған. Бұл әсерлі фотосуретті палестиналық фотожурналист Самар Абу Элуф The New York Times үшін түсірген. Ол 2023 жылдың соңында Газадан эвакуацияланып, қазіргі уақытта Катар астанасы Дохада Махмуд тұрып жатқан тұрғын үй кешенінде өмір сүруде. Самар ауыр жарақат алған палестиналықтардың тағдырын суреттер арқылы бүкіл әлемге танытып жүр. «Бұл – үнсіз, бірақ қатты айтылған фотосурет. Ол бір ғана баланың емес, тұтас соғыстың тарихын баяндайды. Оның зардабы бірнеше буынға дейін жалғасады», – деді байқау директоры Джуман Эль Зейн Хури. Финалға өткен басқа фотосуреттер де бар. «Түнгі өткел» — Джон Мурдың Getty Images агенттігіне түсірген суреті. Қытайлық мигранттар АҚШ пен Мексика шекарасын кесіп өткен соң суық жаңбыр астында тоңып тұр. Бұл сурет шекарадағы өмірдің қиындықтарын көрсетеді. Ал «Амазониядағы құрғақшылық» — Musuk Nolte түсірген фотода жас жігіт анасына тамақ апарып бара жатыр. Бұрын бұл ауылға қайықпен жетуге болатын еді, енді екі шақырым құрғап қалған өзен арнасымен жаяу жүруге тура келеді. Бұл фотосурет аймақтағы экологиялық апат пен су тапшылығының ауқымын көрсетеді. Өңірлік суреттер қатарында АҚШ президенті Трампқа оқ атылған сәт те ұсынылған. Солтүстік және Орталық Америка аймағы, «Жеке сурет» номинациясы бойынша жеңімпаз — «Дональд Трампқа қастандық» фотосы. Washington Post үшін Джабин Ботсфорд түсірген бұл сурет 2024 жылғы сайлау науқаны кезіндегі маңызды сәтті бейнелейді. Қастандықтан кейін сахнадан кетіп бара жатқан Трамп: «Күресу, күресу, күресу!» деп айқайлаған. Бұл кадр саясаткердің сирек кездесетін әлсіз сәтін көрсетеді. Айта кетейік, 2025 жылы World Press Photo байқауына 141 елден 3 778 фотограф қатысып, 59 320 сурет жіберілген. Жеңімпаздар үш номинация бойынша анықталды. Олар — жеке фотосуреттер, фотосериялар және ұзақмерзімді жобалар.
Comments