Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров 11 сәуірде Алматыда өтетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) сыртқы істер министрлері кеңесінің алғашқы отырысына қатысады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ТАСС-қа сілтеп.
Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарованың айтуынша, жиын барысында министрлер халықаралық және өңірлік өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, 2025 жылы ТМД аясындағы интеграциялық өзара іс-қимылдың басым бағыттарын талқылайды.
“Кездесу барысында ТМД-ға мүше мемлекеттердің Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге дайындығы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен шекаралық қауіпсіздікті нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылады”, – деді Захарова.
Сонымен қатар, министрлер 2024 жылы ТМД аясында көпдеңгейлі консультациялар жоспары мен сыртқы саяси ведомстволар арасындағы әріптестікті жандандыру бағдарламасының орындалу нәтижелерін қорытындылайды.
Related news
"Under psychiatric care": in Petropavlovsk, a pupil brought an ax and a knife to school and injured three children
It was reported that the Deputy Commander-in-Chief of the National Guard was arrested while accepting a bribe
