22 наурыз – Ұлыстың ұлы күнінде Ақтауда қазақ халқының ұлттық киімі мен салт-дәстүрін әлемге таныту мақсатында ауқымды фестиваль өтеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Маңғыстау облысының әкімдігі таратқан ақпаратқа сәйкес, "Kazakh Record" фестиваліне 5000-нан астам адам қатысады деп жоспарлануда. Шара аясында қазақтың ұлттық киімін Гиннес рекордтар кітабына енгізу үшін халықаралық комиссия мүшелері арнайы Ақтауға келеді.
Фестивальдің мақсаты - қазақтың ұлттық киімін насихаттау, тарихи мұра мен мәдениетті дәріптеу, жастардың патриоттық рухын көтеру мен қазақы салт-дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу.
"Ұлттық құндылықтарды әлемге паш еткісі келетін барша қазақстандықты Kazakh Record фестиваліне шақырамыз!" – делінген әкімдік хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін Көкшетауда Наурыз мейрамына орай "Кимешек шеруі" ұйымдастырылатыны белгілі болған.
Related news
A state that lived for two months and four days. Today is the day of establishment of Turkestan Mukhtariat
"When people struggle with water". Ex.com. of Atyrau region made a statement regarding the employee who inspected the vehicle