Алматыда түрме бастығы ұсталды

1683
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/03/whatsapp-image-2025-03-06-at-10.49.28.jpeg
Алматыда құқық қорғау органдары әділет полковнигі Әкімбай Бекзат Балтабайұлын сыбайлас жемқорлық ісі бойынша қызметтік кабинетінде ұстады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Ресми мәліметке сәйкес, ол Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-ның №13 минималды қауіпсіздік мекемесінің басшысы қызметін атқарған. ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) мәліметінше, ұсталған азамат құқық қорғау органдарының қызметкері болып саналмайды. "Қазіргі таңда құзырлы органдар оның ісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті кез келген құқықбұзушылыққа "нөлдік төзімділік" саясатын ұстанады және тергеу органдарына жан-жақты көмек көрсетеді", – деп хабарлады ҚАЖК.
Comments