Бүгін, 4 наурыз Ордабасы ауданына қазақ ғылымы мен өндірісінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан, Жезқазған сирек металл өндірісінің дамуына сүбелі еңбегі сіңген, елге белгілі тұлға, Ұлытау облысының және Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Төлеген Бүкіров арнайы іссапармен келді.
Сапар барысында Төлеген Нұрмағанбетұлы қазақтың аты аңызға айналған алып күш иесі Қажымұқан Мұңайтпасовтың кесенесіне зиярат етіп, батыр бабамыздың рухына құран бағыштады. Сондай-ақ, даңқты балуанның өмірі мен ерліктерін дәріптейтін Темірлан ауылындағы Қажымұқан атындағы облыстық спорт мұражайына ат басын бұрды.


Төлеген Бүкіровті Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев
Бұл кездесудің мәні тереңде. Төлеген Бүкіров сынды елге еңбегі сіңген азаматтардың Қажымұқан баба рухына тағзым етуі – ұлттық бірлігіміз бен тарихи мұрамызға деген құрметтің айқын көрінісі. Мұндай игі бастамалар жас ұрпаққа өнеге болып, ұлт руханиятының өркендеуіне өз үлесін қоспақ.