Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы бүгін, 3 наурызда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген.

«Құжат қаланың тарихи-мәдени ескерткіштері мен нысандарын басқарудың, сақтаудың және тұтастығын қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құруға; Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен оның қорғау аймағындағы ескерткіштерге археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жоспарлауға және басқаруға; тарихи-мәдени мұраны сақтауға, дамытуға,

Қаланың дамуын тиімді басқару үшін Түркістан қаласының әкімдігі мен мәслихатына қосымша өкілеттіктер берілді. Бұл шешім қабылдау үдерісін жеделдетуге, тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтауға бақылауды жақсартуға, қаланың бірыңғай жобалық кодексін енгізуге мүмкіндік береді.
Өз кезегінде мемлекеттік бақылау қолөнершілерді қолдауды, транзиттік көлікті реттеуді және қаланың тарихи болмысын сақтауды қамтамасыз етеді.
