Қазақстанда алғашқы АЭС құрылысы қашан басталады? Министр жауабы

1088
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/06/aes-960x500.jpg?token=f7a71c1f4c4398e17a0c3d46b7875a88

Қазақстанның Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев еліміздегі алғашқы атом электр станциясының (АЭС) құрылысы қашан басталатыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Министрдің айтуынша, АЭС жобалау жұмыстары халықаралық тәжірибе бойынша 2-3 жылға созылады.

"Жобалау процесі үш жылға дейін уақыт алады. Үш жылдан кейін "бетон құю" кезеңі басталады, яғни нақты құрылыс жұмыстары қолға алынады. Жалпы құрылыс жұмыстарына екі жыл ішінде кірісуіміз мүмкін. Алайда негізгі нысанның құрылысы техникалық-экономикалық негіздеме толық аяқталып, жобалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік органдардан барлық қажетті рұқсаттар алынғаннан кейін ғана басталады", – деді министр.

Бұған дейін АЭС Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылында салынатыны туралы ресми хабарланған болатын. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Comments