Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі АҚШ-тан басқа елдерге заңсыз мигранттардың депортациялану жағдайын бақылауда ұстап отыр және өз азаматтарына қай жерде болса да көмек көрсетуге дайын. Бұл туралы Өзбекстан СІМ баспасөз хатшысы Ахрор Бурханов мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Оның айтуынша, Өзбекстанның Вашингтондағы елшілігі мен Нью-Йорктегі бас консулдығы АҚШ-тың құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста жұмыс істеп, Орталық Азия елінің азаматтарын қауіпсіз түрде еліне қайтаруды қамтамасыз етуде.
Бурхановтың мәлімдеуінше, министрлік АҚШ-тан басқа елдерге депортациялық рейстерге мұқият бақылау жүргізуде. Өзбек дипломаттары бұл мәселе бойынша АҚШ билігімен және Латын Америкасы елдерінің өкілдерімен тұрақты байланыста.
Еске сала кетейік, кеше АҚШ-тың жаңа
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тан депортацияланған азаматтарға қандай көмек көрсететінін ашық мәлімдемеген. Консулдық қолдау көрсетіле ме, қаржылай көмек қарастырыла ма, елге оралған азаматтарға әлеуметтік бейімделу бағдарламасы әзірлене ме – бұл сұрақтардың жауабы әзірге белгісіз.