Қазақстан өмір сапасы бойынша 88 елдің ішінде 73-орында тұр

1355
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/13aa182f-13c3-41f2-896b-6933617a5789-960x500.png?token=a6b948d855f6210073d3d57b9dad45f1
Қазақстан өмір сүру сапасы бойынша әлем елдері арасында 88 елдің ішінде 73-орынға жайғасты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Numbeo-ға сілтеме жасап. Егер индекс тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда бұл көрсеткіш 106,8%-ды құрайды. Қазақстаннан жоғары орындарда Уругвай (139,8%), Үндістан (124%), Мальта (132,7%), БАӘ (177%) және Қатар (193,3%) тұр. Рейтинг өмір сүру сапасын бағалау индексіне негізделген. Онда өмір сүру құны, сатып алу қабілеті, тұрғын үй бағасы мен табыс арақатынасы, қауіпсіздік, денсаулық сақтау және экология сияқты көрсеткіштер есепке алынған. Қазақстан басқа елдермен салыстырғанда сатып алу қабілеті (52,3%) және тұрғын үйдің табысқа қатынасы (9,9%) бойынша артта қалған. Бұл көрсеткіштер бойынша ең жоғары орындарда Қатар (185,7%), АҚШ (152,1%), Дания (137,3%), БАӘ (133,9%) және Швеция (133,8%) тұр. Тұрғын үйдің табысқа қатынасы бойынша ең қолжетімді елдер – Дания (6,5%), Қатар (5,2%) және АҚШ (3,3%). Қазақстанда өмір сүру құны салыстырмалы түрде төмен (26,6%). Мысалы, Мароккода бұл көрсеткіш 27,2%, Мальтада – 48%, Италияда – 51%, Францияда – 58%, Нидерландыда – 60,5%, АҚШ-та – 64,9%, Данияда – 66,9%.
Comments