Қазақстанда үш АЭС салынуы мүмкін

1108
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/img_8001-960x500.jpeg?token=16f1d744a60012c3ad19d6694ccb661e
Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев Қазақстанға толыққанды ядролық кластер құру үшін кемінде үш атом электр станциясы (АЭС) қажет екенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  «Ядролық кластер құру үшін кемінде үш АЭС салу қажет. Біз осы ұстанымды негізге ала отырып, стратегиялық жоспарды дайындаймыз. Бірақ оны Үкімет мақұлдауы керек. Біз кемінде үш атом станциясын салу қажеттігін есепке аламыз», – деді министр энергетика министрлігіндегі брифингте. Министрдің айтуынша, үшінші АЭС-тің құрылыс алаңы жалпы орналастыру жоспарына сәйкес анықталмақ. Ал екінші және үшінші АЭС-тің орналасатын орындары 2025 жылдың ІІ тоқсанында белгілі болады. «Алдымен біреуін жоспарлап, содан кейін екіншісін қарастыруға болмайды. Себебі алдымен желілердің конфигурациясын, қуат тарату сызбасын, мемлекетаралық энергия алмасу мүмкіндіктерін, желілердегі кернеуді, қосалқы станциялардың құрылысын және энергияны ұзақ қашықтыққа жеткізу үшін тұрақты ток технологияларын пайдалану мүмкіндігін анықтау қажет. Осы кешенді құжат жақын арада дайындалады. Біз оны 2025 жылдың ІІ тоқсанында Үкіметке ұсынамыз», – деп түсіндірді Сатқалиев.
Comments