XXXII қысқы универсиада. Қазақстанның хоккей құрамасы Швецияны жеңді

1860
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/01/img_4512.jpeg

Хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы XXXII қысқы универсиада ойындарын жеңіспен бастады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Матч басында Швеция құрамасы 2 шайба салып, есеп ашқан болатын. Оған отандастарымыз кезең аяқталмай жатып 2 голмен жауап қайтарды. Кейін жиырма минуттық екі кезеңде Қазақстан құрамасы жауапсыз 7 гол соқты. Осылайша ойын 9:2 есебімен аяқталды.

Енді ерлер құрамасы 14 қаңтар күні Оңтүстік Корея командасымен кездеседі.

Айта кетейік, XXXII Дүниежүзілік қысқы Универсиада 13-23 қаңтар аралығында Италияның Турин қаласында өтеді. Әлемнің 57 елінен 2000-ға жуық спортшы қатысатын бұл ірі студенттік жарыста 11 спорт түрі бойынша 96 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 

Comments