Ақтөбеде қорғаныс министрлігіне тиесілі тікұшақ апатқа ұшырады. Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Ақтөбе облысындағы аэродром аумағында оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде МИ-8 тікұшағы қатты қонып, артынша отын бактары өртенген. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында тергеу органдары жұмыс істеп жатыр", – деп хабарлады ҚР ІІМ ӘТД Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы.
Айта кетейік, бүгін Мартөк ауданының Хлебодаровка ауылы маңында тікұшақ құлады. Бортта болған үш адамның екеуі ауруханаға жеткізілген. Ал бір адам оқиға орнында көз жұмды.
Related news
The Damu Foundation represented the contribution of Kazakhstani entrepreneurs to the "green economy" in Glasgow