Алматы қаласында кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

3425
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/11/img-20241108-wa0022.jpg
9-10 қарашада сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін Алматы қаласында кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге Жамбыл облысы мен Алматы қаласы ауылшаруашылық өндірушілері қатысады. Жәрмеңкеге 50-ден астам өнім түрлері (ет және сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары және т.б.) қойылады.   Өнімнің жалпы көлемі 280 тонна құрайды, оның ішінде: Ет өнімі – 40 тонна; Жеміс-көкөніс өнімі – 120 тонна; Сүт өнімі – 60 тонна; Балық өнімдері – 5 тонна; Өзге өнімдер – 55 тонна. Жәрмеңке өтетін орын – Алматы қаласы, Сәтбаев көшесінің бойымен Уалиханов көшесі мен Достық даңғылы аралығында. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге байланысты Сәтбаев көшесінің Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі бөлігінде 8 қарашада сағат 20:00-ден 10 қарашада 20:00-ге дейін жабылады. Жәрмеңкені өткізу кезінде №45, №95 және №121 бағыттардың сызбалары өзгереді. Жабылатын учаскені айналып өту Абай даңғылы бойынша жүргізілетін болады.
Comments