Бүгін, 29 қазанда Моңғолия Мемлекеттік сарайының алдындағы елорданың орталық алаңында Ұлан-Батырға мемлекеттік сапармен барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурелсух қолбасшы Д.Сүхбаатар алаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми түрде қарсы алды.
Мontsame ақпараттық порталының хабарлауынша, мемлекеттік құрметті қарауыл қолбасшысының рапортынан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Екі мемлекет басшылары Мемлекеттік салтанатты Ақ әскери туға тағзым етті, одан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құрметті қарауыл сапын қарсы алды.
Сондай-ақ Ухнаагийн Хурелсух пен Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алу рәсіміне келген Моңғолия мен Қазақстан Республикасының ресми өкілдері, Моңғолиядағы дипломатиялық миссиялардың басшылары және халықаралық ұйымдардың тұрақты өкілдері қарсы алды.
Ресми қарсы алу рәсімінен кейін екі елдің президенттері Ұлы Шыңғыс хан ескерткішіне тағзым етіп, Моңғолия Мемлекеттік сарайына бет алды, онда Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды.

Мемлекеттік сапар аясында Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурелсух пен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шағын құрамда келіссөз жүргізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық көрсеткені үшін Ухнаагийн Хурэлсухке ризашылық білдіріп, өзінің Мемлекет басшысы ретіндегі Моңғолияға алғашқы сапарына ерекше мән беретінін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, Моңғолия – Қазақстанның маңызды серіктестерінің бірі. Қос халықтың дәстүрі мен мәдени-тарихи тамыры ортақ. «Құрметті Президент, бүгін Сіздің шақыруыңыз бойынша Моңғолияға мемлекеттік сапармен