Қарағанды облысында ХҚКО бұрынғы басшысы ұсталды

2395
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/7ba118c2-3b1b-456e-b40b-a57dea83a92b-960x500.jpeg?token=4eaa059627ad2e3d4920a2784a9f13be
Қарағанды облысында жүк автокөліктерін тіркеу ісіндегі алаяқтық анықталды. Қаржылық мониторинг агенттігі сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  «ХҚКО қызметкерлері көлік құралын тіркеу кезіндегі алымды және утилизация төлемдерін төлемеу үшін ақпараттық жүйеге жүк көліктерінің VIN-кодтары бойынша жалған деректер енгізген», - деді ведомство. Бас-аяғы 33 жүк көлігі заңсыз тіркелген. Сол себепті мемлекет бюджетіне 315 млн теңге шығын келген. Мамандандырылған ХҚКО бұрынғы басшысы мен орынбасары қылмыстық схеманы ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Екеуі де сот санкциясымен қамауға алынды. Олардың 42 млн теңге тұратын мүлкі бұғатталды.
Comments