ҰҚШҰ Қазақстанда 2 мыңнан астам әскери қызметкердің қатысуымен ауқымды жаттығулар өткізуде

1407
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/10/f751efdb-eb3e-4df4-8725-514508537b93.jpeg

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) Қазақстанда 2 мыңнан астам әскери қызметкердің қатысуымен ауқымды оқу-жаттығулар өткізуде. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Қазақстанда «Берег» полигонында ҰҚШҰ бітімгершілік күштерімен «Мызғымас бауырластық-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығуының белсенді кезеңін ашу салтанатты рәсімі өтті. Оқу-жаттығуға Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және

Тәжікстан бітімгершілік күштерінің ұлттық контингенттері, бірлескен штабтың жедел топтары мен ҰҚШҰ хатшылығы қатысуда», - делінген хабарламада.

Атап өткендей, оқу-жаттығуға барлығы 2 мыңнан астам әскери қызметші, 500 бірлік броньды және автомобильдік машиналар, Ми-17, Ми-35 тікұшақтары, Ил-76 және Си-295 ұшақтары, ұшқышсыз ұшақтар жұмылдырылды.

Comments