Шығыс Қазақстандағы Артемьев шахтасында бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Қайғылы оқиға 1 қыркүйекке қараған түні болған. Кеншінің өліміне себеп - тастың құлауы.
"1 қыркүйекке қараған түні Артемьев шахтасында тастың құлауы салдарынан мердігер ұйымының үңгушісі жарақат алып, қайтыс болды. Қайғылы жағдайларды тергеу бойынша арнайы комиссиялар құрылды", - деп хабарлады KAZ Minerals тобы.Бұған дейін KAZ Minerals тобы Директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук төрт кеншінің 31 тамыз күні газдан уланып, қайтыс болғанын растаған еді. Енді жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысу үшін басшы өңірге жеткен. Компания басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады.
Related news
The President demanded from the Minister of Ecology to solve the problem of regulation of the number of antelope wisely
The Ministry of Foreign Affairs told the Kazakhs who disappeared in the zone of the "Golden Triangle".