Алматыда төрт адам 8 қап ақбөкен мүйізін сатпақ болған. Күдіктілер Алматы қаласы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген арнайы іс-шараның нәтижесінде анықталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Арнайы іс-шараның негізгі кезеңін Алматы облысының аумағында жедел қызметкерлер мен арнайы жасақ жүргізді. Ол жерде «Хюндай» автокөлігі тоқтатылды, оның ішін тінту барысында 1 мың 212 дана көлеміндегі 8 қап мүйіз табылды және тәркіленді. Күдіктілер ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қуатбек Науатов. ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.Related news
An Iranian director who had been unable to leave the country for 22 years has won at the Cannes Film Festival