Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентімен телефон арқылы байланысты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ақордаға сілтеп.
Мемлекеттер басшылары Тоқаев пен Путин екі ел арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін және даму перспективасын талқылады.
Әңгімелесу барысында екі президент шекара маңындағы өңірлерде орын алған су тасқыны жағдайын талқылады. Нәтижесінде Үкімет басшыларына табиғи апатқа қарсы күресте өзара ықпалдастықты нығайту тапсырылды.
Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.
Related news
"Historical result": Kazakhstan's young tennis players placed in the top four at the World Championship
It's been 2 years since the war in Ukraine. Armenia announced the suspension of its membership in the CSTO
