Алматыда жігітті аяусыз соққыға жыққан күдікті ұсталды. Желіде видеосы тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеп.
Бейнежазбада белгісіз адам жігітке бірнеше соққы жасайды және жәбірленушіден қандай да бір қаржылық қарызы туралы айтады. Ал кадр сыртындағы дауыс оның басынан ұрмауды сұрайды.
Ақпаратқа сүйенсек, Алматы полициясы күдіктілерді ұстады.
"Зорлық-зомбылықпен өзінше билік ету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр", - деді Алматы ПД баспасөз қызметі.
Related news
In Semey, a new public space and an opportunity to print books in Braille in the Kazakh language appeared
