Астанада қойма өртенді

2422
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/3572abe6-a773-4f94-9fa4-95cf71cc241b.png

Бүгін, 18 наурыз Астана қаласы Байқоңыр ауданында ангар үлгісіндегі жеке тұрған бір қабатты қойма өртенді. Бұл туралы ТЖД мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, сағат 07:20-да өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданында болған өрт орнына шыққан. Бөлімше қызметкерлері барған уақытта алдын ала болжам бойынша ауданы 1 мың шаршы метр алаңда отқа оранған бір қабатты қойманың жанып жатқаны анықталды. Өрт кезінде ғимараттың алдыңғы қабырғасы мен шатыры құлады. Оқиға орнында 3 жауынгерлік учаске құрылды. Өрт сөндіру жұмыстарына жеке құрамнан 70-ке жуық адам, 15 техника жұмылдырылды.
Comments