United Airlines компаниясының Boeing 737 жолаушылар ұшағы тағы да оқыс жағдайға ұшырады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі TimesNow агенттігіне сілтеп.
Жолаушылар ұшағы Сан-Францискодан ұшып, Орегондағы Медфорд әуежайына аман-есен қонған. Алайда ұшақтың қаптағышы ұшып кеткен.
Бортта 139 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болған. Адам шығыны болған жоқ.
"Ұшудан кейінгі тексеріс панельдің жоқ екенін анықтаған. Тергеу жүргізіледі", – деді авиациялық реттеуші.Америкалық БАҚ әуе компаниясының бұл ұшақты пайдалануды тоқтатқанын айтты. Boeing ұшақтарында соңғы кездері бірнеше апаттар болған.
Related news
Residents of Almaly district submitted 42 applications for the project "Budget with People's Participation".
